Корея Түркістан мен Атырау облыстарында газ электр стансасын салады

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Қазақстан энергияның дәстүрлі көздерін дамытуға мүдделі. Корея Түркістан мен Атырау облыстарында газ электр стансасын салады. Президент «жасыл» энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығы артып келе жатқанын айтты. – Оңтүстік Корея компанияларымен осы бағытта тәжірибе алмасудан бастап, нақты жобаларды жүзеге асыруға және технологиялар трансфертіне дейінгі ықпалдастықты жүйелі түрде жандандырамыз деп үміттенеміз. Бұдан бөлек, біз дәстүрлі қуат көздерін де дамытуға мүдделіміз. Сондықтан Doosan Enerbility компаниясының Түркістан мен Атырау облыстарында газ электр станцияларын салу жоспарын құптаймыз, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур компанияларымен бірлесе жүзеге асырылатын «Alatau City» жобасына кореялық инвесторлар мен девелоперлерді де белсенді атсалысуға шақырды. Корея Республикасы мен Орталық Азия елдері ынтымақтың жаңа жолын табуға ұмтылады. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёльмен айтты. Өз кезегінде Юн Сок Ёль Қазақстан Президентімен алғаш рет өткен жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте кездескенін еске алып, Астанада тағы да жүздескеніне қуанышты екенін айтты. «Биыл Корея Республикасы мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің 15 жылдығын атап өтеміз. Сондықтан да бұл мемлекеттік сапарға айрықша мән береміз. Корея Республикасы мен Қазақстан дипломатиялық қарм-қатынас орнатылған 1992 жылдан бергі 32 жылдың ішінде екіжақты қатынасты айтарлықтай дамытуға қол жеткізді. Бүгінде көптеген корейлік компания Қазақстан нарығында табысты жұмыс істеп, экономиканы, өнеркәсіпті дамытуға, мемлекеттік инфрақұрылымды кеңейтуге өз үлесін қосып отыр. Мұнан бөлек, біз екі ел арасындағы аса маңызды минералды ресурстар, энергетика, гуманитарлық және мәдени алыс-беріс салаларын қоса алғандағы ынтымағымыздың көкжиегін кеңейтіп келеміз. Экология, медицина, білім салаларындағы ынтымақ күн сайын қарқынды дамып келеді», — деді Корея Президенті. Мәртебелі мейман өзінің Орталық Азияға сапары қарсаңында Корея Республикасының Үкіметі Кореяның ОА елдеріне қатысты алғашқы дипломатиялық стратегиясын жария еткенін айтты. Стратегия Корея Республикасы – Орталық Азия ынтымақтастық бастамасы деп аталады.