Жетісай ауданында биыл 60-қа жуық көшеге жөндеу жұмыстары жүреді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Бүгінде Жетісай ауданында автомобиль жолдары саласын дамыту ісі қарқынды жүріп жатыр. Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Ә.Оспанов, Құрбан ата, Сырабат елді мекендеріндегі жалпы ұзындығы 27,9 шақырымды құрайтын 35 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет және субвенция есебінен жалпы ұзындығы 11,8 шақырымды құрайтын 10 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сондай-ақ, республикалық бюджеттен бөлінген 16 шақырымдық 11 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі