Қазақ-Корей ынтымақтастығы: келіссөздер көңілге үміт ұялатады

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Астана қаласында өткен Қазақстан-Корея бизнес форумына қатысты. Форум барысында Түркістан облысының әкімдігі мен Корея халықаралық сауда қауымдастығы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, Түркістан қаласында кореялық «Вусонг» университетінің филиалын ашу бойынша да меморандумға қол қойылды. Айта кетейік, наурыз айында түркістандық делегация мүшелері Оңтүстік Кореяға жасаған ресми іссапары аясында Корея Республикасының халықаралық сауда қауымдастығының (Korea International Trade Association) басқарма төрағасы Юн Джин Сик мырзамен кездескен болатын. Онда екі ел арасындағы сауда- экономикалық қарым-қатынасты нығайту мәселесі талқыланған. Сонымен қатар Түркістан облысында инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында Оңтүстік Корея мемлекетімен келіссөздер жүргізіліп, бірқатар жобаларды іске асыру жоспарлануда. Білім беру бағытында қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған қазақстандық WOOSONG университетінің филиалын ашу бойынша меморандумға қол қойылды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім сапасын арттыру үшін әлемдегі озық жоғары оқу орындарының филиалдарын елімізде көптеп ашуды тапсырғаны белгілі. Бұл ең алдымен білікті мамандарды оқытып шығаруға, жоғары технологияларды игеруге жол ашады. Жаңа білім ордасы инновациялар мен озық технологиялар орталығына айналмақ. Басты мақсат – адами капиталды дамыту. Бірлескен білім беру бағдарламалары, ғылыми зерттеулер және студенттер мен оқытушылар алмасуы ақпараттық технологиялар саласында жоғары білікті мамандарды даярлау үшін қолайлы жағдай тудырады деген үміт мол. Филиал Түркістан қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінің базасында орналасады. Түркістан облысының әкімдігі жатақхана және басқа да техникалық қолдау көрсетуге дайын. Меморандумға сәйкес университет ретінде Түркістан облысының әкімшілік-іскерлік орталығы аумағынан 18 қабатты ғимарат ұсынылды.