Кентауда ілгерілеушілік бар

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Кентау қаласында баспасөз туры ұйымдастырылып, журналистер алдымен Кентау қаласындағы №5 Жылу энергия орталығындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Орталықтағы 6 қазандықтың жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ. Жалпы құны 13,6 млрд. теңгені құрайтын қазандықтарды қайта құру жұмыстарын «ЭМ-ходинг» ЖШС жүргізіп жатыр. Сапар аясында журналистер Қарнақ ауылында орналасқан «Medical style» тігін цехына барды. Цехта 25 түрлі медициналық киім тігіледі екен. Жылына 20-25 мыңға жуық киім тігетін өндіріс орнының Астана, Алматы, Талдықорған, Шымкент қалаларында арнайы дүкендері де бар. Мекеме басшысы Шавкат Хабибуллаевтың айтуынша, тігін цехында жалпы технолог пен арнайы білімі бар 30-ға жуық адам жұмыс істейді. Киімдерге қажет маталар Түркиядан арнайы алдырылады. Журналистер бұдан кейін Қарнақ ауылында жуырда ғана іске қосылған «URKER» жазғы сауықтыру лагерінде болды. Жоба құны 400 млн. теңге болатын кешенде 60-қа жуық адам жұмыспен қамтылған. Лагерьде жаз соңына дейін 450 бала демалады деп күтілуде. Алдағы уақытта бұл жерден қосымша тағы 300 балаға арналған ғимарат бой көтермек. Сонымен қатар БАҚ өкілдері жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарымен де танысты. Бүгінде Кентау қаласында 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Пәтерлердің жалпы ауданы 3 161,5 шаршы метрді құрайды. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланған. Бұдан бөлек, 3 қабатты 30 пәтерлі 2 үйдің құрылысы басталған. Тур аясында қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары таныстырылды. Жалпы қала бойынша биыл 10 көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.