Ет экспорттаудан елдің алдындамыз

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Мал шаруашылығы саласы бойынша өңіріміз республикада жетекші орында. Мемлекеттік қолдау мен атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде мал шаруашылығы саласы қарқынды даму жолына түсті. Өткен жылы мал шаруашылығы өнімі 470 млрд. теңгені құрап, облыс республикада І орынға шықты. Бұл республикадағы жалпы мал шаруашылығы өнімінің 11%-ы. Еліміздегі ірі қара мал санының 13%-ы, қойдың 22%-ы, жылқының 11%-ы, түйенің 15%-ы, өндірілген еттің 13%-ы, сүттің 16%-ы біздің өңірдің үлесінде. Облыстағы қой басының 14%-ы, ірі қара мен жылқының – 5%-ы, түйенің – 7%-ы асыл тұқымды. Жыл басынан бергі 4 айда облыста ірі қара мал саны 1 млн. 232,5 мың басқа жетті. Ал, қой мен ешкі саны 5 млн. 502,4 мың, жылқы – 484,8 мың, түйе – 44,5 мың, құс 2 млн. 085,5 мыңды құрады. Осы уақыт аралығында 78,4 мың тонна ет, 235,33 мың тонна сүт, 78,3 млн. дана жұмыртқа өндірілді. Ет экспорты бойынша облысымыз республикада көш басында. Экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80%-ы, ұсақ мал етінің 75%-ы облыстың еншісінде. Мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық көлемін ұлғайтуда бордақылау алаңдары мен кешендерін жүйелі дамыту ісі оң септігін тигізуде. Облыста жалпы 9183 ірі қара мал бордақылау алаңы бар. Облыста 7 ет өнімдерін және 23 сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорын жұмыс істейді. Осы кәсіпорындар есебінен өңірде өндірілген еттің 29%-ы, сүттің 21,5%-ы қайта өңделіп, нарыққа шығарылуда.