Түркістан күн сайын түлеуде

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралады. Мердігерлермен кездескен өңір басшысы оларға бірқатар тапсырмалар беріп, сын-ескертпелер айтты. «Достық үйі» биыл пайдалануға беріледі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Түркістанда «Достық үйі» салынып жатыр. Құрылысы қарқынды жүріп жатқан 4 қабатты ғимарат биыл пайдалануға берілуі тиіс. Сейсенбі күні облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған нысанның құрылыс жұмыстарын аралап көрді. Нысанның кірпіші қаланып, сыртқы инженерлік желілері толық жүргізілген. Өңір басшысы құрылысшылардан бірінші кезекте сапаға назар аударуды, құрылыс материалдарының сапасы мен ішкі дизайнына ерекше мән беруді тапсырды. Әкімшілік-іскерлік орталығында салынып жатқан жаңа үлгідегі «Достық үйі» ғимаратының жалпы алаңы – 3912,29 шаршы метр. Этносаралық татулықтың ұйытқысына айналатын жаңа ғимараттың құрылысы алдағы күзде толық аяқталады деп жоспарланған. Жоба бойынша онда мәжіліс залы, түрлі этнос өкілдерінің орталықтары орналасады. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне байланысты тақырыптық ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті экспонаттар қойылады. Айта кетейік, өңірде 50-ден аса ұлт өкілдері тұрады. Облыстағы 11 этномәдени бірлестік мемлекеттің өркендеуіне үлес қосып, қазақстандық толеранттылық үлгісін көпке үлгі етіп келеді. Екі мыңнан аса отбасы жаңа қалашықтан үй алады Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында сонымен қатар 5 қабатты 20 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның құрылысымен танысқан облыс әкімі кәсіпкерлерді қолдап, қажетті құрылыс материалдары мен есіктерді жергілікті ұсталардан сатып алуды ескертті. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына ерекше назар аудара отырып, құрылыс қарқынын еселеуді тапсырды. Тұтас қалашыққа айналатын 20 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы алаңы 145 мың шаршы метрге жуық. Мұнда 2 мыңнан астам отбасы баспаналы болады. Облыс құрылғаннан бері өңірде 176 көпқабатты үй салынып, 40 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды. Сонымен қатар 232 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Түркістан қаласында 80 мыңнан астам тұрғынға инфрақұрылым жасақталып, тұрғын үй салынды. Жаңа шағынаудандар пайда болып, талай отбасының баспана проблемасы шешілді. Биыл бюджет есебінен 41, жеке инвесторлар есебінен 24 көпқабатты үй салу жоспарланған. Жеке қаржы есебінен салынатын жер үйлер жоспары – 781,851 мың шаршы метр. Сонымен қатар биыл 191 үй салу жоспары бекітілді. Ал, 159 тұрғын үйді жыл соңына дейін тапсыру жоспарланған. «Turkestan-Arenaда» жылыту жүйесі жұмыс істейді Облыс әкімі «Turkestan-Arena» стадионында жүріп жатқан жаңарту жұмыстарымен танысты. Жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар берді. UEFA талаптарына байланысты биылдан бастап еліміздегі барлық стадион жылу жүйесімен жабдықталуы керек. Ел стадиондарына деген талаптың күшеюіне орай, UEFA-ның халықаралық талаптарына сай «Turkestan-Arena» стадионында да жылыту және су бұру жүйелері орнатылды. Стадион алаңына Испанияда шығарылған жасанды көгал төселді. Жасанды төсеніш UEFA-ның барлық талаптарына сай келеді. 12 000 көрермен сиятын стадионда халық-аралық матчтар мен ұлттық құрама командалары ойындарын ойнатуға рұқсат берілген. Осыған орай «Turkestan-Arena» стадионына қосымша 5000 көрерменге арналған орындықтар қосу жоспарлануда. Айта кетейік, «Тurkеstan-Аrena» орталық стадионында 2022 жылдан бері спорттың бірнеше түрінен облыстық, қалалық іс-шаралар өткізілген, жергілікті футбол клубы ел біріншілігінде қарсыластарын қабылдаған. Стадион футбол алаңынан бөлек спорт кешенінің қызметін де атқарады. Кешен бокс, гимнастика, йога, ауыр атлетика, тренажер, фитнес залдарымен жабдықталған. Мұнда барлық үйірмелерде балаларға тегін сабақтар ұйымдастырылған. Қонақтар үшін батыс бөлігінде үлкен асхана, ал, шығыс бөлігінде фудкорд жұмыс істейді. Өңірде туристерге оңтайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыс атқарылып келеді. Түркістан қаласында жеке инвестор есебінен «Қолөнер орталығы» жобасы қолға алынды. Бұдан бөлек Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы «Күлтөбе» ескі қалашығы абаттандырылады. Облыс орталығында 11,8 гектар жерге аквапарк, вилла аймақтары қамтылған бес жұлдызды қонақүй салу жөнінде келіссөз жүргізілді. Сондай-ақ, шетелдіктер қызығушылығын ескеріп, ұлттық ойындарымызды және туризмді дамыту мақсатында 99,3 гектар аумаққа ипподром салынады.