Отбасы құндылығын дәріптеуіміз керек

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Отбасы құндылығын дәріптеуіміз керек

Шымкент қаласындағы Ж.Шанин атындағы академиялық драма театрының драматургы Сая Қасымбектің отбасы құндылығы туралы айтар ойы жетерлік. «Қазақ халқы ғасырлар бойына қалыптастырған салт-дәстүрлеріміздің мән-мағынасы тереңде жатыр. Дәстүр арқылы адамдар жаңалықтан хабар алып отырған десек те болады. Қызды оң босағаға шығару дәстүрі ең алдымен қызға эстетикалық тәрбие береді. Екіншіден, ауыл адамдары шашбаудың сыңғырын алыстан естігенде «әй, қыз келе жатыр» деп бейәдеп сөзден тыйылған. Қызды қатты құрметтеген. Үшіншіден, «пәленшенің оң босағасында қыз бар екен» деп жан-жақтан айттырушылар келе бастаған. Демек сол үйдегі қыздың болашақ жарын табуға бірден-бір жол ашатын да дәстүр болған. Шашына шашбау тағылып, жеңгелерімен сырласып жүрген кезде ол қыз сол уақыт аралығында келін болу, ана атану жолында тәрбиеленеді. Мысалы, ата-енеге құрмет, күйеуінің алдындағы парызы, отбасындағы орны және түрлі салт-дәстүрді үйреткен. Қазір ат тергеу дәстүрі жойылып барады. Мұны да сол кезде қыздың миына құйып, тәрбиелеген екен. «Көргенді жердің қызы» деген сөз осыдан қалған ғой. Әжесі мен анасының ақылын естіп, жеңгесінің тәрбиесін көріп өскен қыз барған жеріне міндетті түрде сыйлы бола білген. Содан болар, бұрын қазақта ажырасу мүлдем болмаған. Сондықтан да бүгінгі жастарымызға отбасы құндылығын дәріптеуіміз керек».

Жанерке Хумар