Жастарымызға берер көмегі көп

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Жастарымызға берер көмегі көп

Шымкент қаласындағы Әдет –ғұрып және салт дәстүр орталығы бүгінде өткен салт дәстүрімізді өрістетуге барынша үлес қосып келеді. Оның ішінде  отбасы құндылығын дәріптеу де бар. Ол үшін арнайы әлеуметтік желілерде "Дәстүр дәрістері" айдарын ашып, онлайн жүздесу ұйымдастыруда. Айдары арқылы орталық маманы Ибраева Гүлжан "Қазақ халқының ою-өрнектері" атты сабақ өтті. Одан бөлек, Есенқұлов Нұрлан "Дәстүр дәрістері" айдары бойынша "Қарты бар үйдің - қазынасы бар" атты онлайн сабақ өткізді. Ұрпақтар жалғастығын дәріптейтін сабақ барысында отбасы құндылықтары насихатталды. Ата-әженің немерелеріне берер үлгі өнегесі, тәрбиесі тақырыбы қаузалды. Мұндай үлгі өнеге беретін сабақтардың жастарымызға берер көмегі көп.

Жаннұр Арыстанбек