Пайдалы ақпараттармен бөлісіп отырады
Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма мамандары әлеуметтік желілерде отбасыларға пайдалы ақпараттармен бөлісіп отырады. «Ата-ананың басты міндеті - елдің ертеңіне бармақтай болсын үлес тигізер тәрбиелі ұрпақты өсіріп жетілдіру. Бұл - бір отбасының ғана емес, барша ұлттың жұмыла кірісер ісі. Осы орайда біздің парақшамызда жаңа айдар. Сіздермен бірге "Жақсы ата-ана болуды үйренеміз!" айдары жұмыс істейді. Ғалымдардың дәлелдеуінше, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға келесілерді үйрену қажет: зейін қою; мұқият болу; айналадағыларды бақылау және олардан үйрену; басқалармен ынтымақтастықта болу; сенім білдіру; өз бетімен әрекет ете білу; бастама көтере білу; ұстамдылықты шыңдау; күйзелісті еңсеру және бойын босаңсыта білу; өз-өзін бақылау; өз тәнінің оң бейнесін дамыту және епті қозғалу. Алдағы уақытта осы тақырыптар аясында Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) әзірлеген кітаптың негізінде ақпараттармен бөлісетін боламыз» дейді басқарма мамандары.
Пайдалы ақпараттармен бөлісіп отырады
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode