Іскер әйелдер - бастамашыл

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Іскер әйелдер - бастамашыл

«Шымкентте белсенді, бастамашы әйелдер жеке бизнес-жобаларын жасап, жаңа идеяларды іске асыруда асығы алшы. Нәзікжанды кәсіпкерлер өздерінің позитивті әрі жасампаз энергияларын қала экономикасының жақсаруына бағыттап жатыр. Әйелдер білім беру, медицина объектілерін табысты басқарады, ауыл шаруашылығымен айналысуда, бірақ көбіне олар қызмет көрсету, сауда, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде кәсіп жүргізеді. Шымкенттің әйелдер кәсіпкерлігі қаланың жалпы ішкі өнімінің 40 пайызын қамтамасыз етуде. Дәл қыз-келіншектер Шымкенттегі бизнес-қоғамдастықтың 42 пайызын құрап отыр және осындағы дамуға қажетті әлеует осы сандармен шектелмейді, оның ауқымы кең. Қалада шағын және орта бизнесті әйелдер белсенді ілгерілетуде. Олар аздан бастап, қалаған межеге қол жеткізіп, жаңа мүмкіндіктерді іздеп ары қарай ұмтылып жатыр. Іскер әйелдердің 2020 жылға жоспарлары көп, дейді Шымкент қаласы бойынша Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Алма Архабаева.