Қызметкерлердің психологиялық жағдайымен танысып қайтты

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Қызметкерлердің психологиялық жағдайымен танысып қайтты

Шымкент қаласы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерін төтенше және экстремалдық жағдайларда жедел қызметтік міндеттерді орындау кезінде психологиялық сүйемелдеу мақсатында, Кадр саясаты басқармасының инспектор-психологы полиция майоры Ж.Оразбаева мен Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспектор-психологы полиция капитаны А.Тастемирова жасақтың рота және взвод командирлерімен бірлесе отырып, қала аумағындағы ЖҚАЖ қызметкерлері бекітілген 22 бекетті аралап жеке консультация жүргізіп, «Экстремалдық жағдайларда жедел қызметтік міндеттерді орындау кезінде психологиялық дайындықты жақсартуға арналған жадынама» таратып, қызметкерлердің психологиялық жағдайымен танысып қайтты. Сонымен қатар, жастар арасындағы қылмыстың алдын алу жағдайында да түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Полиция қызметкерлерінің қызметі көбінесе өміріне қауіпті жағдайларда, стресстің жоғары деңгейінде, азаматтармен эмоционалды түрде шиеленісте өтеді. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлерінің қызметі қарулы қылмыскерлерді ұстау және жою және жаппай тәртіпсіздіктің алдын алу, тоқтату т.б. шаралардан тұрады. Сондықтан ЖҚАЖ жауынгерлері күрделі жедел қызметтік міндеттерін атқару барысындағы психологиялық, жауынгерлік дайындығының тұрақтылығын, өзін-өзі реттеуді, психологиялық қолдауды қажет етеді. Сол себепті департамент психологтары жауынгерлердің жұмысқа деген тиімділігін, жауапкершілігін сақтау үшін алаңдаушылық пен ашулануды тез игеру әдістерін түсіндірді.