Әйелдер - отбасы мен мемлекеттің тірегі

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Әйелдер - отбасы мен  мемлекеттің тірегі

    Кез келген өркениетті елде ешбір зорлық-зомбылық көрмей, еркін өмір сүру құқығы адамның негізгі құқықтарының бірі болып табылады. Ол ерлер үшін де, әйелдер үшін де бірдей. Сондықтан да қазіргі әлемде бүгінгі күні әйелдерге зорлық-зомбылық  көрсету - біздің қоғамымызға кір  келтіретін, ешбір жол беруге болмайтын  әлеуметтік құбылыс, себебі ол әйелдерге қайғы-қасірет әкеледі, әйел денесіне және оның психологиясына зиян келтіреді. Әйелдер - отбасы мен мемлекеттің тірегі. Әйел адамдарды құрметтемеуге ешбір себеп жоқ. Ең бастысы, мұндай күш көрсетулерге өте қатал түрде тосқауыл қою керек. Қазіргі заманғы қазақстандық әйел мансап жасауға талпынуы керек.   Әсіресе,әйелдерді аймақтардағы жергілікті деңгейде қоғамдық және мемлекеттік басқаруға белсенді түрде тарту керек. Әйелдердің бизнес ашып, оны гүлдендірулеріне қолайлы жағдай жасау қажет.