Отбасын сақтап қалу – басты міндет
Бүгінде жастардың басым бөлігі отбасылық ұрыс жанжалдан мезі болып, психологтарды жағалайтыны белгілі. Отбасын сақтап қалу, екінші жартыңның мінезіне төтеп беру сынды сұрақтарға жауап беретін шымкенттік психолог Артықгүл Алимованың айтары да көп. «Ақжаулықтардың ерлеріне деген жағымсыз ықпалы туралы айтсақ, Отанасы жолдасы туралы не ойласа, ол да солай болып қалыптасады. Оның бойынан тек кемшіліктер мен шалағайлықты көріп тұрады-ол күннен-күнге көбейе түседі. Сол кезде аюдай күш-қуаты бар, жақсы күйеу атануға орасан қарым-қабілеті бар еркектің өзі қатардағы мүйізді текеге айналады. Егер зайыбы отағасын құрметтемесе, оны ешкім сыйламайды. Не туыстары, достары, әріптестері де қадірлемейтін болады. Былай айтқанда жұбайы ерінің маңдайына өзінің берген мінездемесін, өз сипатындағы берген бейнесін жазып қояды. Сосын осы маңдайда жазылған бейнеге қарай басқалар онымен қарым-қатынас орнатуды бастайды. Осылай әйел ойланбастан, қаламмен үздіксіз жағымсыздықтарды жазып алады да, кейіннен өздері таң қалып жатады..
Егер жұбайы қабырғасына сенбесе және оған жүрегін ашып, махаббатын сыйламаса-онда оған да ешкім сенім артпайды. Егер ол тіптен, ондай сенімге толығымен лайықты жан болып табылса да, бәрібір сонда да оған айналасы күмәнмен қарайтын болады. Енді бұдан кейін қандай биікке жоғарылау немесе жаңа перспективалар болады деп ойлайсыз?
Егер отанасы әрдайым көңілі толмай жүрсе, онда отбасы да, пәтері де, тағамы да, киімі де, бәрі-бәріне қанағаттанбай жүреді. Тіптен, әке-шешесі де ойындағысындай болмайды.
Егер әйел ішінен жөні түзу ер адам тапқанымда ғой деп есептесе, бұл ердің опасыздық жасауының бірінші қадамы екен. Негізінен, әрдайым бірінші аналар опасыздық жасайды деп жатады. Шындығы сол, олар тек іштен ойша жасайды екен. Оларға сол ақымақтық әрекетін айтып, айыбын мойындату оңай емес. Қыз-келіншектер сол оймен жүре береді. Ол пікірін өзгерту, оған түсіндіріп, мойындату мүмкін емес. Ал жігіттер, қосағы солай оған ойша жақсы емес жар тауыппын деп, «келісім» беріп тұрған соң, олар сосын көңілдес әйелді тез арада-ақ тауып алады. Өйткені оған өзінің нақсүйері итермелеп тұр. Ақжаулықтылар, олар саналы түрде ұғынбайды. Ал, кейіннен іс насырға шапқанда, бұл ойынан айнып, өкініп жатады. Егер бәйбіше өзінің жүрегіне сараң болса, жарына қызмет еткісі келмесе, оны махаббатымен жылытпаса, тыныштық орнатпаса, онда еркек өзіне есірткі мен ішімдіктен жұбаныш табады.
Егер жұбайы жолдасына ерлерге тән істермен шұғылдануына мүмкіндік бермесе-олар достарымен әңгімелесу, балық аулау және арулардың ойынша бос әурешілік істер деген әрекеттердің барлығына тиым салғыңыз келсе, онда жарыңыз демалысты-ішімдіктен, темекіден іздейді.
Егер зайыбы жарына жүрегін ашпаса, онда ол да қызғаншақ болып алады. Сонда сіз одан сегізінші Наурызға гүл ұсынуды өтінбек түгілі, қыста қар сұрай алмайсыз. Егер әйел күйеуіне жүрегіне барар жолды жауып тастаса, онда еркек те әмиянына қол тигізбейді.
Егер нәзік жандылар шектен тыс жауапкершілікті өз мойнына артса, тек өзі, басқа ешкімді қажетсінбесе, онда ер азамат та жауапсыз бола бастайды. Әу-баста жігіттер тек өзіне ғана емес, басқаларға да көмек беріп жүрсе, онда ол ондай қасиеттен арылып, босаңсып, диванда жатқаны жатқан болады.
Егер бәйбіше ренжігіш болса, онда отағасы ашуланшақ болады. Ыза-кек әртүрлі болып келуі мүмкін. Егер зайыбы ері туралы жақсы ой ойламай, шын берілмесе, онда ол да сараң болып алады. Оған қаражатты жаратудың қажеті не, егер ол бүгін болмаса, ертең басқаны тауып алатын болса-деген ой жолдасында қалыптасады.
Егер сүйіктісі күйеуін тыңдамаса, әрдайым онымен сөз таластырып, дауласып, қасарысатын болса, онда ерлер ер азамат болудан қалады. Ол жауапсыз, әлсіз, ең сорақысы «ешкім» болмай қалады.
Егер әйел әрқашан жолдасына озбырлық көрсетсе –мысалы, «оның миын шағып жесе» немесе оған айқайласа, оны қорлап, балағаттаса, онда білектілерге екі-ақ жол қалады. Онда ол көнбіс, беті қайтып қалған, мақсатсыз адам болып қалыптасады. Немесе ол да келіншегіне күш қолданып, әлімжеттік жасайды.
Егер отанасы тым белсенді болса, онда ер адам енжар, теледидардан көз алмай кереуетте жататын аю болатыны сөзсіз. Дегенмен табысты кәсіпкер болуы әбден мүмкін еді».
Отбасын сақтап қалу – басты міндет
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode