Үздік челлендждер таныстырылды
1 Мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі мерекесіне арналған Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында оқу-әдістемелік орталық қашықтықтан оқыту жағдайында "Үздік тәрбие сағаты"тақырыбында челлендж ұйымдастыруда. Үздік деп танылғандары әлеуметтік желілерде оқырман назарына ұсынылды. Олардың ішінде отбасы туралы челлендждер үздік шыққан. Карантин уақытында отбасымен бірге қалай көңілді уақыт өткізуге болатыны, ата-анаға қолғабыс ету жайы көпшіліктің көңілінен шықты. Жалпы отбасы тақырыбы оның ішінде отбасы құндылығы ешуақытта да мәнін жоймайтындығы анық.
Үздік челлендждер таныстырылды
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode