Ерекше көңіл бөлініп отыр
Қазіргі уақытта гендерлік саясатқа халық арасында ғана емес, мемлекеттік мекемелер тарапынан да ерекше көңіл бөлініп отыр. Мәселен әр мемлекеттік мекеменің гендерлік саясатты қолдауға бағытталған өздерінің іс-шаралары бар. Шымкент қаласындағы әрбір басқарма, департаменттерде осы бағытта жұмыс жасайтын шаралар тізімі бекітілген. Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясында мемлекеттік басқару органдарындағы әйелдер санын 30 пайызға дейін көтеру міндеті қойылған. 2010 жылы ол көрсеткіш 10 пайыз көлемінде ғана болған екен. Жыл жылжыған сайын бұл көрсеткіш көтеріліп келеді. Оның айғағы үшінші мегаполисте басқарма, департамент басшылары нәзікжандылар. Бұрын тек орынбасарлықтан ғана көрінетін ханымдар бүгінде білдей бір басқарманы басқарып отыр. Әрі атқарған қызметтері мақтауға тұрарлықтай. Өйткені салада бет қызартатындай статистика жоқ.
Ерекше көңіл бөлініп отыр
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode