Игі істердің ұйытқысы болып келеді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Игі істердің ұйытқысы болып келеді

 Шымкенттегі Жастар ресурстық орталығы көптеген игі істердің ұйытқысы болып келеді. «Жастарды қолдау және жастар ұйымдарымен жұмыс»  бөлімінің аты айтып тұрғандай жастарды қолдау бағдарламаларына басымдық береді. Жастар орталығында түрлі тегін ұйымдар мен түрлі іс-шаралар өтеді. Осылар арқылы жастар өздерінің таланттарын арттыруға және жаңа жобалар бастауға мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде жастардың бс уақытын тиімді пайдаланып, оғаш қылықтардан аулақ болуына оң ықпалын тигізеді. Яғни, бос уақыты көп бала көше тәрбиесіне елігіп, қылмысқ ұрынуы әбден мүмкін. Жастар ресурстық орталығының негізгі міндеті де сол жастар арасындағы қылмыстың алдын алу, қоғамға қауіпті әдеттерге тосқауыл болу. Әрбір қала, аудандағы «Жастар ресурстық орталығы» жастардың жаңа жобаларын дамытуды басты ұстын етіп, жұмыс атқаруда.  Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 6278 жастар мен жас отбасылар тұрғын үй кезегінде тұр. Бүгінде Елбасының 29 жасқа дейінгі тұрғын үй кезегіне тұрған азаматтарға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 1000 пәтер пайдалануға беруді тапсырмасына сәйкес, жыл соңына дейін Шымкент қаласы бойынша 900 пәтермен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта республикалық бюджет есебінен тұрғын үй салуға 2,2 млрд. тенге, сатып алуға 4,2 млрд. теңге қаржы бөлінген. Осыған байланысты қалада жалпы алаңы 22,5 мың шаршы метрді құрайтын 304 пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысы басталып, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарда тұр.