Комиссия құзыреті кеңейтілмек
Кеше ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен облыстық және қалалық Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиялардың (Комиссия) хатшыларымен онлайн-кеңес өткізілді.
Кеңес барысында Комиссия қызметі мәселелері бойынша заңнамаға жаңа енгізілімдер: кәмелетке толмағандардың зорлық-зомбылықтан және қатыгез қарым-қатынастан құқықтарын қорғау және қалпына келтіру, кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту бойынша Комиссия құзыретін кеңейту;
- Комиссия хатшысы үшін тиісті жергілікті атқарушы органның аппаратында жеке штат бірлігін бөлу талқыланды. Сондай-ақ, 2020 жылдың басынан бері Комиссия құрамына енгізілген білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері директорларының орынбасарларымен өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Кеңес қорытындысы бойынша төтенше жағдай режиміндегі Комиссия жұмысы бойынша ұсынымдар берілді. Осы бағыт бойынша Шымкент қалалық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы берілген ұсынымдар бойынша жұмыс істейтін болады.
Комиссия құзыреті кеңейтілмек
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode