Ұрпақтар сабақтастығы

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Ұрпақтар сабақтастығы

 

Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасын қолға алған болатын. Жоба мақсаты – өңіріміздің дамуына еңбегі сіңген, бүгінде зейнетке шыққан, алайда жастарға айтары көп, түйгені мол ардагерлермен кездесу өткізу.
Жылы жүздесу қариялар мен жас ұрпақ арасын сабақтастыруға арналған «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында көптеген жобалар жоспарланған.
Үрзада Айтөреева, ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары: «Ұрпақтар сабақтастығы» шарасы дер кезінде қолға алынған жоба. Бүгінгі жастардың ойлау қабілеті аға буыннан өзгеше. Аға ұрпақтан олар отбасы құндылығын сақтау, үлкенді құрметтеуді үйренеді. Біз де , сіздер де қоғамға қызмет етіп, жас ұрпақты тәрбиелеуде өз үлесімізді қосамыз» дейді.Ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, отбасылылық құндылықтарды дәріптеуді көздейтін шара мектепте әрдайым өтіп тұрады. Қазіргі уақытта жоба уақытша тоқтап тұрғанымен алдағы уақытта жалғасын табатын болады.