Кәсіпкер әйелдер қатары көбеюде

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Кәсіпкер әйелдер қатары көбеюде

 Бүгінде еліміздегі нәзік жандылар бизнес саласын сәтті игеріп жүр. Бұған мемемлекеттен берілетін жеңілдіктердің көмегі тиіп жатыр. Биылдан бастап әйелдерге кәсібін өркендету үшін тағы да жағымды жаңалықтар болмақ. Шымкент тұрғындарының

49 пайызы  нәзік жандылар. Статистикаға сүйенсек, өңірдегі басшы қызметтегі азаматшалар елімізде  Алматыдан кейінгі екінші орында. Облысымыздағы іскер әйелдер кеңесі 3 жылдан бері табысты жұмыс істеп  келеді. Бұл кеңестің құрамында  Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 120 белсенді қыз-келіншектер бар. Алма Архабаева, іскер әйелдер кеңесінің төрайымы: «Қазіргі таңда бизнесті бастауға мүмкіндік мол. Кез-келген әйел өз бизнесін бастай алады. Бүгінгі талқыланар тақырып та осы...»

Нәзік жанды кәсіпкерлердің негізгі проблемасы айналымдағы капиталдың жоқтығы. Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктердің қызмет көрсету секторы, тамақтану, білім беру қызметтеріне тән жобаларға жеңілдіктің болмауы. Былтыр кәсібін өркендетуге көмек сұрап, 2981 әйел өтініш білдірген. Соған орай, «Атамекен» іскер әйелдер кеңесі әзікжандыларға көмек қолын созуда. М.ӘСЕМБЕК