Іскер әйел тек өзіне ғана сенеді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Іскер әйел тек өзіне ғана сенеді

Бүгінде «жұмыс жоқ» деп аспанға қарап жататын заман емес. Екі қолға бір күрек қайдан да болса табылады. Балаларының жақсы жағдайда өмір сүруі үшін нәзікжандылар қолдан келгеннің бәрін жасайды. Оларды тәрбиелеуге, қосымша оқытуға, арнайы курстарға баруына аз ақша кетпейді. Сондықтан да әйелдер қосымша кәсіп көзін тауып, бизнестің көшіне қосылуда. Шымкентте жыл өткен сайын кәсіпкер әйелдер саны артып келеді. 68 мың кәсіпкердің 26 352-сі - әйелдер, бұл 41 пайызды құрайды. Бүгінде әйелдер басқаратын шағын және орта бизнес – Шымшаһарда локомотивке айналып келеді. Оның үстіне аймақта әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін кадрлар қорына айналды. Гендерлік теңдікке қосқан үлестері. Іскер әйел тек өзіне ғана сенеді. Сарапшылардың пікірінше, әйелдер бизнесінде көп нәрсе мотивацияға байланысты. Көбіне әйелдер фармацевтикалық компания, оқу орталығы, отбасылық дәрігерлік амбулатория, құрылыс компаниясы, кондитерлік дүкендердің кең желісі және шұлық фабрикаларын басқарып отыр.  Шымкенттегі әйелдер кәсіпкерлігі қазірдің өзінде аяққа тұрған,  енді алда биік белестерді бағындыру тұр. Әйелдердің жауапкершілігі мол болатыны бесенеден белгілі. Олар жергілікті бюджетке салық төлеп, ел экономикасының өрге өрлеуіне үлес қосып отыр.  

Нұрбақыт Аймағамбет