Тәрбиенің мықты іргетасы отбасында қаланады
Тәлімді тәрбиенің мықты іргетасы отбасында қаланады. Ата-анасынан мықты тәрбие алған бала қоғамның белсенді азаматы болып қалыптасады. Ал тәрбие бастауы – кәдімгі бесік. Бесік жырын тыңдап өскен бала тәрбие бастауының тұнығына қанып өседі. Отбасы құндылығының қайнар көзі де бесік деуге болады. Бесіктегі баласына ана әлдиін, бесік жырын айтпаған қазақ әйелі жоқ шығар. Көпті көрген апалар бесік жырының маңызы жайлы былай дейді.
Шымкент қаласының тұрғыны, зейнеткер, Қойлан Беркімбаева: «Бесікке бөленіп өскен бала тазалыққа үйір болады. Ана әлдиімен отбасына, Отанына деген сүйіспеншілік санасына сіңеді. Бесік жыры — балаға берілетін алғашқы тәрбие. Өйткені баяу ырғақпен айтылған анасының әлдиі туғаннан баланың құлағына сіңеді. Бесіктегі баланы әннің ырғағымен тербетеді. Баланың өз отауына яғни, бесігіне деген құрметі кейін отбасына деген құрметке ұласады» дейді.
Нұрбақыт Аймағамбет
Тәрбиенің мықты іргетасы отбасында қаланады
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode