Елжандылыққа тәрбиелеу - басты мақсат
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Әдістемелік орталығы игі істерге мұрындық болып келеді. Ұлы Отан соғысындағы жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен əскери жанқиярлығы Ұлы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан да Жеңіс күні əрқайсысымыздың жүрегімізге жақын."Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру" бөлімінің Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары бүлдіршіндерінің "Ешкім де ұмытылмас, ештеңе де ұмытылмайды"- атты челленджін жолдады. Ұлы жеңістің мəн-маңызын, бейбіт өмір туралы мағлұмат беру. Балалардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту және өлендерді мəнерлеп айтуға үйрету. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Отбасылық құндылықтың мәні мен маңызын түсіндіру, Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншылдыққа баулу болып табылады. Челендж өте сәтті әрі әсерлі шыққан.
Елжандылыққа тәрбиелеу - басты мақсат
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode