Эссе байқауы өтті
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №75 мектеп Жеңіс күніне орай түрлі іс-шараларды онлайн түрде ұйымдастырды. Ұрпақтар үндестігін паш ететін шараларға оқушылар белсене қатысты. "Ұлы Отан соғысы-менің ата-бабам тарихы" тақырыбындағы эссе байқауы өтті. Оқушылар аталарының ерлік істері туралы тереңнен толғады. Аталарының жалғаған ізгі жолымен жүріп келе жатқандарын жеткізді. Әрине ата-баба жолы дегенде балаларына батырлықты, еркіндікті, ынтымақ пен бірлікті, кіші отаннан басталатын елжандылықты аманаттағанын баяндады. Одан бөлек, аталарынан басталған әулет тарихы – отбасы құндылығын ізгілеуге ұласып отырғанын айтып өткен. Байқаудың қорытындысы бойынша І-орын 9ә сынып оқушысы Пірманова Балжан, ІІ-орын 7ә сынып оқушысы Қаржанбай Назерке, ІІІ-орын 9б сынып оқушысы Есіркеп Фатима және 7г сынып оқушысы Ахметжан Аселім лайықты деп танылды.
Эссе байқауы өтті
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode