Көш басында...

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Көш басында...

Шымкент қаласының әдістемелік орталығының үйлестіруімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Білім Академиясының арнайы ютуб-каналына пән мұғалімдерінің 300-ден астам бейнесабақтары жинақталып, жолданған болатын. Сонымен қатар, аталған бейнесабақтар топтамасы Шымкент қаласындағы «Өрлеу» ПҚБАИ ұйымдастырған «Орта білім беру пәндері бойынша республикалық бейне сабақ байқауы» өңірлік кезеңіне ұсынды.
Байқау қорытындысында Шымкент ұстаздарының белсенділігі мен ізденімпаздығы негізінде Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ сараптама кеңесінде іріктеуден өтіп, 80 сабақты үздік деп таныды. Сабақтарды жоғары деңгейде өткізген ұстаздардың басым бөлігі нәзікжандылар. Білім саласында қайыспай қара нардай қызмет атқарып жүрген ханымдар гендерлік саясаттың жүзеге асуының көрінісі болса керек.  Төтенше жағдай кезеңінде қашықтықтан оқыту жүйесіне өз үлестерін қоса білген ұстаздардың еңбектеріне табыс, шығармашылық шыңдарды бағындыра берулеріне тілек білдіреміз.