«Біз алмайтын асу жоқ»
Шымкенттегі «Балауса» зергерлік бұйымдар жасаумен айналысатын компания бүгінде көптің көңілінен шығып үлгерді. Кәсіпкер ханымдар байқауында «Жыл серпіні» атанған болатын. «Балауса» бірегей брендінің иесі Мария Мариккызы өзінің зергерлік бұйымдарымен еуропалық нарыққа шығуға дайын екендігін айтады. «Кәсіпкерлік саласындағы мамандар компаниямыздың өсу динамикасын қадағалап отыратындығы қуантады. Біз зергерлік бұйымдарды күміс пен алтыннан жасаймыз. Қазір біз Еуропа нарығына кірудеміз. Болашақта біз ғаламдық желі құрғымыз келеді. Бізде жобалау сатысынан бастап соңғы өнімге дейін өндіріс бар. Қазақстанда біз №1 өндірушіміз, шетелдік өндірушілермен теңбіз. Бүгінгі таңда біз айына 50 келі зергерлік бұйымдар шығарамыз, алдағы уақытта бір тоннаға жеткізгіміз келеді », - дейді Мария Мариккызы. Кәсіпкер ханымның алға қойған мақсат-жоспарлары көп. Бизнесте де, билікте де нәзікжандылардың қатары артуы бұл гендерлік саясаттың жемісі деуге болады. Ханымдар « біз алмайтын асу жоқ» дейді.
Нұрбақыт Аймағамбет
«Біз алмайтын асу жоқ»
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode