Рухани байлық ордасы
Отбасы құндылықтарын нығайту бағытында қыруар шаруа атқарылуда. Бақытты отбасы, саналы да білімді ұрпақ қалыптастыруға бағытталған саясаттың нәтижесінде ана мен баланы қолдау бойынша бағдарламалық құжаттар, гендерлік теңдікті сақтау стратегиясы қабылданып, мемлекеттік деңгейдегі отбасылық саясатта тұтастай жүйе қалыптасты. Кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқан жобалардың барлығы да болашақ ұрпақтың мүддесі үшін қолға алынған. Қоғамның дамуы отбасының қалыптасуына тікелей әсер ететіні айқын. Қоғамның дамуы, елдің дамуы, елдің ішіндегі отбасының дамуы. Материалдық ізгіліктерден бөлек, рухани дүние таным да ілгерілейді. Дана халқымыздың тамыры тереңге кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі - отбасы құндылықтары. Тіпті біздің рухани құндылықтарымыздың негізі де осы отбасылық дәстүрімізде жатыр десек қателеспеген болар едік. Мемлекетті дамытатын халық. Сондықтан да көп балалы отбасыларға барынша жағдай жасау парыз. Көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қорғау бағытындағы мемлекеттік жәрдемақы түрлерінің әр жыл сайын артып келе жатқанын қуантарлық жағдай. Жыл сайын отбасы бірлігін нығайтуға байланысты көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Нәтижесі де жаман емес. Бүгінгі жас, ертеңгі ана сол насихаттан титімдей тәмсіл түйсінсе, болашақ жемісті болмақ.
Ақылай, Баймұратова,
Шымкент қаласы
Рухани байлық ордасы
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode