Мамандықтың төресі

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Мамандықтың төресі

 

 «Ұстаздық ізденісті талап ететін мамандық». Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген екен К. Д. Ушинский. Мұғалім болу – айтуға оңай болғанымен, нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермейтіні шындық. Ұстаз жолы – қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықтың төресі десек болады. Осы бір ұлағатты мамандықтың ыстығына күйіп, суығына тоңып, абырой мен бақыт тауып жатқан жандар шын бақытты жандар деуге болады. Төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту үдерісі кезінде қашықтық олимпиядаларға және түрлі сайыстарға қатысып, шығармашылық ізденістерін үздіксіз көтеріп отыр.
Дарынды оқушыларымызбен бірге биіктерді бағындырғаймыз» дейді ұстаздар қауымы. Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №75 мектеп ұстаздары түрлі байқауларға қатысып бағы жанып жүр. Жуырда «Кемеңгер ұстаз» байқауына қатысқан «Өзін өзі тану» пәнінің мұғалімі Маржан Төрегелдиева үздік деп танылды. Ал жас ұрпағымызға заман талабына сай білім беріп жүрген Эльмира Сабыр да үздіктер қатарынан табылды. Ұстаздар тек қана білім берумен ғана шектелмей оқушылардың жаман әдеттерден жиреніп, жақсыны үйренуі үшін де тер төгіп жүр. Жастар арасындағы қылмыс атаулыдан мектеп оқушылары ада.