Бір сыры осында...

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Бір сыры осында...

 

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы №108 жалпы білім беретін орта мектебінің 3-сынып оқушылары әрдайым үздіктер қатарынан көрініп келеді. Бүгінде онлайн бағытында оқып жатқан оқушылар күні кеше Жеңістің 75 жылдығына арналған "Біз бейбітшілікті сүйеміз" тақырыбында сурет салу іс-шарасын ұйымдастырды. Мұғалімдері Н.Ахмадалиева және З.Рахимованың жетекшілігімен іске асқан шараға оқушылар белсенді қатысты. Бейбіт күнді, тыныштықты бейнелеген оқушылардың басым бөлігі отбасыларын суреттепті. «Отан деген – отбасы. Отан тыныштығы отбасыдан басталады. Отбасы құндылығының бір сыры осында» дейді оқушылар.