Бүгін Халықаралық отбасы күні

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Бүгін Халықаралық отбасы күні

«Бүгін жарық дүниедегі ең жақын жандарымыздың төл мерекесі. 15 мамыр күні - халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтілген. «Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің болашақ қадамы. Отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарыңа, туған-туысқандарыңа деген сүйіспеншіліктен басталады» деген болатын. Осы шағын ғана мемлекетте ата-ананың орны қалай ерекше болса, сәбидің де алар орны маңызды. Бала үшін әкесі мен анасының мейірімінен асқан ештеңе жоқ. Ал ата-ана үшін бала өмірінің мәні де сәні. «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деген де нақыл сөз бар. Бұл сөздің астарында үлкен мән жатыр. Бала артыңда қалар ұрпағың. Атыңның жалғасы. Елінің болашағы. Сондықтан отбасы күні қоғамда ерекше орын алады. Бұл күннің маңыздылығы зор. Күнделікті күйбің тіршіліктің бір күнінде отбасы күнін атап өтудің өзі жанұя мүшелерінің бір-біріне деген құрметін, сыйластығын, сүйіспеншілігін арттырады. Әрдайым отбасымыз аман, бауырымыз бүтін болсын!» деп Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы барша қалалықтарды Отбасы күнімен құттықтады.