Ұлттық тамырынан алыстамайды
Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында тұрақты түрде шығып тұратын түрлі айдарлар бар. Солардың бірі қолөнер жұмыстарына арналған. Мәселен, қолөнер жұмыстарын жасаудың қыр-сырын жетік меңгерген жатақхана тәрбиешілері қашықтан оқыту кезінде де апта сайын жаңа бір дүниені үйренуге ат салысуда. Тәрбиеші Қамбарова Гаухар Жандарбекқызы қолөнер бұйымдарын жасау жолдарымен бөлісті. Тәрбиеші Гаухар Жандарбекқызы: «Ұлттық қолөнерімізді дәріптеу арқылы жас буынға ұлттықт салт-дәстүрлерімізді, отбасылық құндылықтарды насихаттаймыз. Ұлттық құндылықты құрметтеп өскен жас кейін ұлттық тамырынан алыстап кетпейді» дейді.
Ұлттық тамырынан алыстамайды
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode