«Отбасы мықты болса отан мықты»
Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің күлкісінен құралады. Мықты мемлекет болып қалыптасу, мықты отбасының болудың негізі. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аналардың аялы алақаны мен әкелердің аманат тілегі балаларды болашаққа жетелері анық. Ал,болашақ бүгінгі ұрпақтың қолында. Отбасы – сүйіспеншіліктің, береке-бірліктің, ынтымақтастықтың ыстық ұясы. Отбасы шағын мемлекет. «Отбасы мықты болса отан мықты»
«Отан отбасынан басталады», — деген дана сөз бар. Шынында да, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым - отбасы болса керек.
Данышпанның да, ғалымның да ең алғашқы тәлімі мен тәрбиесі отбасында қаланары анық. Сондықтан да Отанымыздың тұғыры мықты болуы үшін Отанды құрайтын отбасы мықты болуы керек. Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 лицейде "Отбасы сағаты» республикалық акция аясында "Мен отбасымен бірге оқимын" тақырыбында тәрбие сағаттар өткізілді. Негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу болып табылады. Тәрбие сағаттары жоғары деңгейде өтті.
«Отбасы мықты болса отан мықты»
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode