Бұрымдылар алдыңғы шепте
Жуырда Білім және ғылым министрлігі білім саласында қанша нәзік жандар қызмет етіп жүргенін жариялады. Сонымен, мектепке дейінгі білім беру бағытында 94 201 әйел жұмыс істейді екен. Ал орта білім саласында 280 955 нәзік жанды қызмет етуде. Бұдан бөлек, 27 850 әйел өз өмірін техникалық және кәсіптік біліммен, сондай-ақ 24 611 әйел өз тағдырын жоғары білім беру саласымен байланыстырған. Бүгінде Шымкент қаласында да білім саласында тер төгіп жүрген ханымдар көп. Қалада 147 мемлекеттік мектеп, 25 жекеменшік мектеп, барлығы 172 мектеп бар. Осында білім берумен қатар, тәрбие мәселесін алдыңғы лекке шығарған әйел ханымдар жетерлік. Бүгінде Шымкенттегі білім бесіктерінде 11 мыңнан астам мұғалім-ханымдар жұмыс атқарады. Олардың қатары алдағы уақытта да толығары сөзсіз. Өйткені үшінші мегаполисте биыл 6 жаңа мектеп пайдалануға берілмек. Гендерлік саясаттың көрігін қыздырып жүрген бұрымдылар қай салада болмасын алдыңғы шепте.
Бұрымдылар алдыңғы шепте
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode