Өнегенің бастауы

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Өнегенің бастауы

 «Бүгінде немересіне ертегі айтып беретін әжелер азайды. Перзентіне бесік жырын айтатын келін азайды. Мен осыдан қорқамын» деген Бауыржан Момышұлының ұлы сөзі бар. «Бесік жыры» жәй әншейін өлең емес. Ол ұлттық қадір қасиетті сіңірудің алғашқы баспалдағы. Әлі есін білмейтін, тілі шықпаған балаға ән арқылы сіңеді. Ән айтқан кезде жаман ой болмайды. Қазақ бала туылғанда шілдехана жасайды. Онда тек қана ән айтады. Ән айтқанда айналада жағымды аура таралады. Ескі ұғым бойынша жын шайтан жоламайды. Тек қана жақсы энергия таралып жатқан жерге жаман энергия таралмайды. Шілдеханадан кейін 40 күнге дейін аластап баласын аяқасты етпейді. Неге қырқынан шығарады? Өйткені осы кезде баланың ет алатын кезі. Ет пен сүйектің бірігетін кезі. Бала қырқынан шыққанша ол әлі бұ дүниенікі емес. Осыны ескермейді кейбіреулер. Ол бала әлі екі дүниенің ортасында тұр. Қырқынан шықпаған баланың көзі бұлыңғыр тартып, біртүрлі болып тұрады. Қалай қырқынан шығады солай көзі жылтырап, көз тоқтатып қарайтын болады. Қырқынан шығарар кезде қырық қасық су құяды. Су құйып тұрып тілек айтады. Әр адамның айтқан тілегі су құйған сайын сіңеді. Көп адамның сол салт дәстүрдің негізін білмейді» дейді Зейнеп Ахметова. Ұлттық салт дәстүрлеріміздің жоқтаушысы бүгінде жас аналарымызға өнеге боларлық ойларымен бөлісіп келеді. Отбасылық құндылықтарды дәріптейді. Бүгінде Шымкентте өтіп жатқан той томалақтардың көбінде жазушының танымдық тәрбиелік өнегелі дәстүрлерін бастау етіп алып жүр. Қазақы танымға, ұлттық салт дәстүрлеріміздің тіні жоғалтпай ұсыну да өнеге емес пе?

 

Аяулым Арыстанбек