Жылда әлемнің беделді оқу орындарына түсуде

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Жылда әлемнің беделді оқу орындарына түсуде

Әрбір мектеп бітіруші оқушының алдында таңдау тұрады: болашақта кім боламын, қандай мамандық иесі атанамын, қай оқу орнына түсемін дегендей сан сауалдар алаңдатады. Алайда өз таңдауын нақты таңдап, арманына еш нәрсеге алаңдамай батыл қадам жасайтындар да бар. Шымкент қаласы М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия түлектерінің арасында да ондай өзіне сенімді жастар аз емес. Бұған гимназия қабырғасында жүріп ағылшын тілін еркін меңгеріп, жан-жақты терең білім алып, өз білімін өмірдің сан қырлы жағдайларында қолдана алу дағдыларының қалыптасуы да, ата-анасының қолдауы да әсер етеді. Мектепте біліммен қатар тәрбие негіздерін үйренген жастардың алар асуы биік әрине. Мектепте жастар арасындағы қылмыстың алдын алу жұмыстары ұдайы жүргізіліп тұрады. .. Гимназия тарихына үңілсек, талай түлек әлемнің түкпір-түкпіріне тарап, әлемнің әйгілі оқу орындарының грантын жеңіп және ақылы бөлімдеріне түсіп, алуан түрлі қызметтерді атқарып жүр. Біз соңғы жылдары мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан шәкірттеріміздің арасынан ГРАНТҚА ИЕ БОЛҒАН түлектеріміз туралы айтқымыз келеді. Жаңабаева Аружан, Үздік аттестатт иегері, SP Jain School of Global Management Сингапур,Дубай, Сиднейдің университеттеріне грантқа ие болған. Аружан өзінің осындай мәртебесі жоғары оқу орнына түсуіне ағылшын тілін жетік меңгеруі, түрлі олимпиадалар мен сайыстарда жүлделі орындар алуы, әрине, жақсы оқуының да әсер еткенін айтады. Ал Аружанның сыныптастары Режеп Алия, Үздік аттестатт иегері, Турдалиева Мира Түркияның Мүгла қаласындағы Muğla Sıtkı Koçman Üniversitesi –не грантқа оқуға түскен. Осы оқу орнына түсу үшін қыздар түрік тілінде үйреніпті. Болашақта еліміздің мейрамханалық ісін дамытуға үлес қосады.
Режеп Алия , Турдалиева Мира, Ли Евгения, «Алтын белгі» иегері, Республикалық олимпиада жүлдегері, Польшада Ақпараттық технологиялар Жоғары мектебіне грантқа ие болды. Қазір NOVIKOM компаниясының инженері. Ал оның сіңлісі Ли Светлана Лазар Университетінің магистратурасын бітіріп, халықаралық бизнес-экономика магистрі атағын алып, Варшавада Standard chartered bank британдық банкінің филиалында қызмет етеді.
Сердюков Никита Канаданың Ватерлоо қаласындағы Уилфрид Лорье Университетіне грантқа түсті. (Wilfrid Laurier University) Мамандығы: бугхалтерлік іс; статистика және аналитика жасау, болашақта екі дәрежелі маман: іскерлік әкімшілік бакалавры әрі қаржылық математика саласындағы өнер бакалавры болады.
Алтынбаева Карина Ильдаровна – 2018 жылғы түлек, Қытай Халық Республикасының Гуйлинь қаласында GuilinTourismUniversity-е грант иегері болды. Еліміздің туризм саласын өркендетуді армандайды. Калмыков Никита Владимирович «Алтын белгімен» бітірді. Чехияның астанасындағы Мемлекеттік техникалық университетіне грантқа түсті(ЧВУТ) .Университетке түсу үшін ағылшын, чех тілдерінде емтихан тапсырды. «Cessna F150» маркалы жаттығу ұшағымен ұшып, тұңғыш тәжірибесін де өтті.
Ереханова Амина Арманкызы , «Алтын белгі» иегері, Австралияның үш елде: Сингапур, БАЭ, Австралия; орналасқан SP Jain School of global management университетіне грантқа оқуға түсті. Осы оқу орнына түсу үшін талмай еңбек етіп, түрлі жетістіктерге жетіп, халықаралық емтихандарын, соның ішінде IELTS, тапсырып, әңгіме-сұхбаттан өтті. Болашақта өз Отанына оралып, өз кәсібін ашқысы келеді.
Досымбетова Айдана Türkiye bursları бағдарламасы аясында 2019 жылы Ankara Hacı Bayram Veli университетіне грантқа түсіп, киім дизайнері болу үшін оқып жатыр. Айдана киім дизайні бойынша өз желісін ашып, Қазақстанның атын әлемге танытсам дейді. «Жер шарының кез келген жерінде табысты болуымызға мүмкіндік беретін білім нәрімен сусындатқаны үшін өз ұстаздарыма алғысым шексіз»,-дейді Айдана
Султанбаев Дінмұхаммед - гимназияның 2019 жылғы жас түлегі, «Алтын белгі» иегері. Қазіргі таңда Польша мемлекетінің, Жешув қаласында IT бағыты бойынша Universuty of Information Technology and Management университетінде грантқа ие болып білім алуда. Болашақта Microsoft, Cisco және т.б сондай алпауыт компанияларында тәжірибесін ұштап, Қазақстанға оралып, IT саласын дамытуды армандайды.
Лесбай Аружан – қазіргі таңда Ұлыбританияның Кембридж қаласында Anglia Ruskin University университетінде грантқа түсіп, дизайнерлікті оқып жатыр. Білімін ұштап, мамандық иесі атанып еліміздің дизайн саласын дамытуды көздейді.
Букреева Яна – 2019 жылғы түлегіміз. Ханчжоу Дианзи университетіне грантқа түсіп студент атанды. Бизнес-әкімшілік факультетінде оқиды. Университетке оқуға түсерде ағылшын тілі, математика, география пәндерінен емтихан тапсырып, жоғары балл жинап, грант жеңіп алады. Үздік әлем компанияларында тәжірибе жинақтап, өз ісін ашуды жоспарлайды. Ал оның сыныптастары Смағұлова Дана Праганың медицина университетінде , Рахматулла Бекнар UC-The University of Ilinois at CHICAGO, Махатова Линара Испанияның атақты экономикалық университетинде білім алуда.
Сонымен қатар, жыл сайын оқушыларымыз Назарбаев университетіне түсуде. 2018 жылы НУ-ға бес түлегіміз түсті.
Шетелге түскен түлектеріміз ЖОО-на түсу үшін ҰБТ сертификатындағы жоғары баллдың да, аттестаттағы бағалардың да, мотивациялық хаттың да, олимпиада мен сайыстарда жеткен жетістіктердің де ықпалы зор екендігін айтады. Ал мотивациялық хатты ағылшын тілінде жазсаң, мүмкіндігің артады дейді түлектер. Гимназияда ағылшын тілін тереңдтіп оқытып, бірнеше пәннің осы тілде өткендігінен, ұстаздарының талмай еткен еңбегінің арқасында өздерінің басқа елде оқуға мүмкіндік алғандығын тілге тиек етеді. Алтын орда мектебіне, ұстаздарына шексіз алғыстарын білдіреді.
Гимназия да өз түлектерінің ел болашағы үшін адал қызмет ететіндігіне сенімін білдіреді.

Шымкент қаласы М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназиясы