Жас көмекшілердің көмегі көп
Бүгінгі жас ертеңгі күні қоғамның бір кірпіші болып қаланатын азамат. Қоғамды құрушы белсенді мүшесі. Сондықтан да жастар арасындағы қылмысты болдырмау, оның алдын алу бүгінгі күннің басты талабы. Бұрын мектепте құқықбұзушылық орын алса, ондағылар шағымдану үшін сол маңдағы учаскелік полиция пунктіне баруға мәжбүр болатын. Енді әр мектепке арнайы инспекторлар тағайындалып, ондағылар әлдеқандай заңбұзушылық болса, мектеп инспекторына келіп арыздана алатын болды. Мектеп инспекторлары мектептердің де, жергілікті учаскелік полицейлердің де жұмысын жеңілдетіп отыр. Балалардың жеке тәртібіне, отбасындағы психологиялық қиындыққа байланысты есепте тұрған балаларды жазғы лагерьлерге жіберу арнайы жоспарлар қарастырылуда. Өйткені балалар жаз мезгілінде қолдары бос болғандықтан, теріс әрекеттерге ұрынып қалуы әбден мүмкін. Ал жазғы демалыс лагерьлеріне жолдама бұйырмаған балаларды жаз бойы өзіміз бақылап отыру қиынға түседі. Әр мектепке бір-бір инспектордан бекітілген. Ол инспектор мектепте қанша көп оқушы болғанына қарамастан, олардың әрқайсысының жағдайымен, үй ішімен толық таныс болуы керек. Оқушылардың ата-аналарымен тығыз қарым-қатынаста болуы тиіс. Қазіргі таңда мектептегі инспекторлардың әрқайсысында 8-12 оқушыдан құралған жас полиция көмекшілері бар. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алу үшін бұл отрядтар елеулі жұмыстар атқарып келеді. Шымкенттік жас көмекшілердің тәртіп сақшыларына тигізер көмегі көп болып тұр.
Жас көмекшілердің көмегі көп
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode