Тағылымдық мәні бар сабақтардың орны бөлек

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Тағылымдық мәні бар сабақтардың орны бөлек

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 лицейде "Отбасы сағаты" республикалық акция барысында отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында тәрбие сағаттары өткізілді. Онлайн бағытта өткен тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті. Оқушылар отбасыларымен бірге ән салып, өз өнерлерін көрсетті. Сурет салып, өлең оқыды. Өздерінің отбасы құндылықтары туралы ойларын жеткізді. Жас ұрпақты тәрбиелеуде «Отбасы сағаты» сынды танымдық, тағылымдық мәні бар сабақтардың орны бөлек. Алдағы уақытта осындай тәрбие сабақтарын жиірек өткізу жоспарлануда.