Алдын алу жұмыстары ұдайы жүргізіліп тұрады

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Алдын алу жұмыстары ұдайы жүргізіліп тұрады

Шымкент қаласы М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия түлектерінің арасында өзіне сенімді жастар аз емес. Бұған гимназия қабырғасында жүріп ағылшын тілін еркін меңгеріп, жан-жақты терең білім алып, өз білімін өмірдің сан қырлы жағдайларында қолдана алу дағдыларының қалыптасуы да, ата-анасының қолдауы да әсер етеді. Мектепте біліммен қатар тәрбие негіздерін үйренген жастардың алар асуы биік әрине. Мектепте жастар арасындағы қылмыстың алдын алу жұмыстары ұдайы жүргізіліп тұрады. .. Гимназия тарихына үңілсек, талай түлек әлемнің түкпір-түкпіріне тарап, әлемнің әйгілі оқу орындарының грантын жеңіп және ақылы бөлімдеріне түсіп, алуан түрлі қызметтерді атқарып жүр. Біз соңғы жылдары мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан шәкірттеріміздің арасынан ГРАНТҚА ИЕ БОЛҒАН түлектеріміз туралы айтқымыз келеді. Жаңабаева Аружан, Үздік аттестатт иегері, SP Jain School of Global Management Сингапур,Дубай, Сиднейдің университеттеріне грантқа ие болған. Аружан өзінің осындай мәртебесі жоғары оқу орнына түсуіне ағылшын тілін жетік меңгеруі, түрлі олимпиадалар мен сайыстарда жүлделі орындар алуы, әрине, жақсы оқуының да әсер еткенін айтады. Ал Аружанның сыныптастары Режеп Алия, Үздік аттестатт иегері, Турдалиева Мира Түркияның Мүгла қаласындағы Muğla Sıtkı Koçman Üniversitesi –не грантқа оқуға түскен. Осы оқу орнына түсу үшін қыздар түрік тілінде үйреніпті. Болашақта еліміздің мейрамханалық ісін дамытуға үлес қосады.
Режеп Алия , Турдалиева Мира, Ли Евгения, «Алтын белгі» иегері, Республикалық олимпиада жүлдегері, Польшада Ақпараттық технологиялар Жоғары мектебіне грантқа ие болды. Қазір NOVIKOM компаниясының инженері. Ал оның сіңлісі Ли Светлана Лазар Университетінің магистратурасын бітіріп, халықаралық бизнес-экономика магистрі атағын алып, Варшавада Standard chartered bank британдық банкінің филиалында қызмет етеді. Сонымен қатар, жыл сайын оқушыларымыз Назарбаев университетіне түсуде. 2018 жылы НУ-ға бес түлегіміз түсті.
Шетелге түскен түлектеріміз ЖОО-на түсу үшін ҰБТ сертификатындағы жоғары баллдың да, аттестаттағы бағалардың да, мотивациялық хаттың да, олимпиада мен сайыстарда жеткен жетістіктердің де ықпалы зор екендігін айтады. Ал мотивациялық хатты ағылшын тілінде жазсаң, мүмкіндігің артады дейді түлектер. Гимназияда ағылшын тілін тереңдтіп оқытып, бірнеше пәннің осы тілде өткендігінен, ұстаздарының талмай еткен еңбегінің арқасында өздерінің басқа елде оқуға мүмкіндік алғандығын тілге тиек етеді. Алтын орда мектебіне, ұстаздарына шексіз алғыстарын білдіреді.
Гимназия да өз түлектерінің ел болашағы үшін адал қызмет ететіндігіне сенімін білдіреді.

Шымкент қаласы М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназиясы