Оқу жылын қорытындылады
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде 2019-2020 оқу жылындағы мектептің оқу тәрбие саласы бойынша атқарылған жылдық есеп беру жиналысы ZOOM платформасы арқылы өтілді. Мектеп оқушыларының ата-аналары мен қамқоршылық кеңесі мүшелерінің алдында білім беру ұйымының қызметі туралы білім беру қызметін ұсыну сапасы , өткізілген іс-шаралар, ата-аналармен өткізілген жиналыстар, педагог қызметкерлердің сандық сапалық құрамы, білім алушылардың пәндік олимпиадаға қатысуы , кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылық және демеушілер тарапынан көрсетілген қайырымдылық көмектер туралы айтылды. Демеушілердің материалдық көмектері, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар және оқулықтар туралы айтылып өтті.
Оқу жылын қорытындылады
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode