Ұлыс ұйытқысы - күнгей
Семенов - Т.Шаньский деген білгір саяхатшының айтқаны рас. " Бұл халықтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпы тұнып тұрған білім, бұларға оқудың да қажеті жоқ"-деп тамсанғаны тегін емес. Қандай жаңа технология, озық экономика болсын дәстүрсіз ілгері баспайды. Алаш қайраткерлері, Б.Момышұлы, Ө.Жәнібеков сынды ұлт жанашырлары қиын сәттерде де ұлттық мүддеден тайған емес. Даңқты жерлесіміз Абу Насыр Әл-Фараби бабамыз тәрбиесіз берілген білімнің қауіптілігін тегін айтпаса керек. "Ұлыс ұйытқысы" Оңтүстікте осы олқылықтардың орнын толтыруда бес-алты жылдан бері еліміздегі жалғыз Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы жүйелі жұмыс істеп келеді. Оның одан әрі дамуына қолдау керек. Ұлттық салт дәстүрімізді дәріптеп, жаңаша жұмыс істеп жатқан орталықтың атқарып отырған шаруасы ауқымды. Карантин кезеңінде де онлайн дәрістер өткізуде. Әсіресе жас отбасыларға шаңырақ беріктігін бекем ұстауды, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді дәріптеуде игі іс атқаруда. Отбасы құндылығын арттыру, ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеуде алдыңғы орында. Бала туыла салысымен атқарылатын жөн жосықтар, салт дәстүрлердің барлығын да насихаттауда. Мұның барлығы да жас отбасылар үшін көмегі көп болары сөзсіз.
Ұлыс ұйытқысы - күнгей
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode