Өзгелерге үлгі болған...

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Өзгелерге үлгі болған...

Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармаға қарасты жастар ресурстық орталығының мамандары және еріктілері ерледі. Әрдайым игі іске мұрындық болып жүретін жастар бұл жолы да қамқорлықтан тыс қалмады. Былтыр Арыс қаласындағы жағдайда да бірінші күні елге көмек көрсетті. Мақтааралдағы жағдайда алғашқы күннен бастап әлі күнге дейін қызмет етуде. Жастардың патриоттық сезімі тек бір қаламен шектелмеу керек екенін көрсетіп жүрген жастар өзгелерге үлгі болуда. Жастарға қолдау көрсететін орталық осылайша сөзбен емес, іспен дәлелдеуде. «Әрдайым игі істің басында жастар жүрсе, олардан үлгі алатындар да, қолдайтындар да табылады. Жастар арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау үшін де осындай іске жұмылдыра білу керек. Жастар ненің жақсы, ненің жаман екенін айыры білуі қажет» дейді орталық мамандары.