Қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша баяндады

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша баяндады

 

Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің « Карантиндік шектеулер кезінде техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар» бойынша ТжКб ұйымдарының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған вебинар Zoom Meetings платформасында өткізілді. Одан бөлек, жастар арасындағы қылмыстың алдын алу туралы да айтылды. Вебинарда әдістемелік орталықтың техникалық және кәсіптік білім беру менеджменті бөлімінің әдіскері Э.Исаева биылғы оқу жылының басты жаңалықтарына тоқталып,ТжКб ұйымдарында білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша баяндады.Білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау «Орта,техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды,оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына 2-қосымшаға,»Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі №ҚРДСМ-46 бұйрығымен бекітілген білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.