Шымкент: Мемлекеттік қызметке тұруға мүмкіндігіңіз бар

ШЫМКЕНТ: МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ҚАЛАДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН КӨПІРЛЕРДІҢ САПАСЫН ТЕКСЕРДІ
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Егер сіздің жоғарғы және орта білімнен кейінгі біліміңіз бар болса, алайда мемлекеттік қызмет өтіліңіз болмаса, сіздің мемлекеттік қызметке орналасуға мүмкіндігіңіз бар екенін білесіз бе?! Мысалы, Шымкент қаласының әкімі аппараты, қалалық маслихат аппараты жетекші маманы (D-5 санаты), қаладағы жергілікті атқарушы органдар, яғни басқармалардың бас маманы, жетекші маманы (D-O-4, D-O-5 санаттары), қаладағы аудандық әкім аппараттарының бас маманы, жетекші маманы (Е-4, Е-5 санаттары), сондай-ақ, министрліктердің, агенттіктердің, комитеттердің қалалық департаменттері, инспекциялары және олардың аудандық басқармаларының бас маманы, жетекші маманы (C-O-5, C-O-6, C-R-4, C-R-5 санаттары) бос лауазымдарына конкурсқа қатысу үшін жұмыс тәжірибесі талап етілмейтінін хабарлаймыз. Соның ішінде, сізде орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік біліміңіз болса, аудан әкімі аппаратының жетекші маманы (Е-5 санаты) және министрліктердің, агенттіктердің, комитеттердің қалалық департаменттері, инспекциялары және олардың аудандық басқармаларының жетекші маманы (C-O-6,C-R-5 санаттары) бос лауазымдарына конкурсқа қатысуға болатындығын назарларыңызға жеткіземіз. Мемлекеттік қызметке орналасуға ниет білдірсеңіз, жарияланған конкурстарды Агенттіктің www.qyzmet.gov.kz сайтынан көрулеріңізге болады. Қосымша ақпараттар бойынша байланыс телефондары: 8 (725) 253-60-67, 8 (775) 799-77-65.