Өмірлік өнеге

ШЫМКЕНТ: МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ҚАЛАДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН КӨПІРЛЕРДІҢ САПАСЫН ТЕКСЕРДІ
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Өмірлік өнеге

Мен өзгеге ақыл айту үшін алдымен өз басымдағы жағдайымнан мысал келтіре кетейін. Алдымен өзім қандай анамын, қандай әжемін деген сауал тұрғысынан қарайын. Көп жылдар асханада  жұмыс істедім. Расын айтсам, мектептен кейін жоғары оқу орнын оқи алмадым… Өзім оқи алмағаннан кейін, он бала тапсам да оқытам деп сөз бердім, содан құдайдың берген екі ұл мен екі қызымды жоғары оқу орнына оқыттым, бәрі де өз білімдерімен оқуға түсіп, білім алып, маманданып шықты. Балаларымды кішкентай кезінде ойнатпайтынмын,  «кітап оқыңдар, сабақты тиянақты, әбден зерделеріңе тоқып оқыңдар»деп бос уақыт қалдырмайтынмын. Ол кезде «Балдырған» журналы ай сайын келеді, журнал мен кітаптан кенде қылғаным жоқ. Өзім ертелі-кеш жұмыс істеп жүрсем де, балаларымды осылай қадағаладым. Бұл күндері бәрі де өз білімдерімен грантта оқыды, тіпті екі-үш оқу орнын бітірді. Тек мен ғана емес, қайбір ата-ана болсын, балаға көңілді көбірек бөліп, уақытысында тәртіп пен еңбекті, оқуды талап етіп отырса, бала деген өсіп жатқан өскін сияқты ғой. Қалай тәрбиелейсің, қалай баулисың, солай өсіп шығады. Көп адамнан естимін, балам оқуды бітірді, жұмыс жоқ дейді. Жұмыс жоқ емес, қазір жұмыс өте көп. Тек оқуды бітіргеннен кейін жұмыс жасай алмайды, оған қабілеті жетпейді. Неге? Өйткені, оқуға барады, әйтеуір жүреді, барды ма барды, оқыды ма оқыды, сөйтіп дипломды алады, қайтады. Бұлай болмайды. Барған екенсің, оқы, ізден. Сол оқуыңның түбіне дейін жет, ол сенің ертеңгі күнгі жейтін наның, несібең. Ол сенің өмірлік азығың. Қайта біздің кезімізде ізденуге мүмкіндік жоқ еді, қазір мүмкіндік жеткілікті. Оқимын десең, бәрі бар, компьютер, ғаламтор алдыңда…. Кітаптың да, кітапхананың да неше түрі бар…Міне, менің өмірлік тәжірибем осы. Осы балаларымның  балалары, немерелерімді де шақалақ кезінен қолымда бақтым, олар студент кезде. Қазір де қарауымда, өзімнің тәрбиемде. Бар жылы сөзімді айтып, алға қарай ұмтылдырып, талпындырып отырамын. Отбасы құндылығы ары қарай осылай жалғаса бермек...

Айша Қабылдаева, зейнеткер, Шымкент қаласы