Түркістанды түлетуге тұрғындар да атсалысады

ШЫМКЕНТ: МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ҚАЛАДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН КӨПІРЛЕРДІҢ САПАСЫН ТЕКСЕРДІ
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Еліміздің рухани астанасы – Түркістан қаласының сәулетін жақсарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шаһардың келбетін көркейту ісіне тұрғындар да атсалыса алады. Алдағы күндері осы мәселеге байланысты қоғамдық талқылау өтпек. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты сала басшыларымен осы жоба барысын талқылады. Өңір басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте облыс аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан және енді жүзеге асатын жобалардың сәулетіне қатысты талқылау өткізілді. Оған сәулетшілер, жауапты басқарма басшылары, қала әкімдігі мен өзге де мекемелердің өкілдері қатысты. Түркістанның өзіндік қайталанбас сәулет стилі бар. Салынып жатқан жаңа нысандар мен тұрғын үйлердің қасбеттері де белгіленген талапқа сай бой көтеруде. Жеке кәсіпкерлерден тұрғын үйлер мен инвестициялық жобаларды бір үлгіде, ұлттық нақышта безендіру талап етіледі. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жаңа нысандар орта ғасырлық сәулет өнеріне сай, ұлттық нақышта салынуы керек. Сондай-ақ, шаһардың ерекше бірегей келбетін сақтау қатаң бақылауға алынған. Салынатын ғимараттар халыққа ұзақ жылдар бойы сапалы әрі жайлы қызмет етуі үшін әрбір жоба егжей-тегжейлі қаралады. Шаһардың дизайн-коды, яғни құрылыс салу нормаларының стандарттары мен белгілі бір үлгі, ережелері сақталуы тиіс. Бұл талап тек ғимараттар мен тұрғын үйлердің ғана емес, сондай-ақ көгалдандыру, абаттандыру, тас төсеу, жарықтандыру, аялдамалар, шағын сәулеттік пішіндер мен орнатылған орындықтарға да қатысты. Бұл бағыттағы жұмыстардың барысында өзге елдердің тәжірибелері де ескеріледі. Бұған қатысты алдағы уақытта қоғамдық талқылау болады. Көпшілік пікірі ескеріледі. Ұсыныстар мен тілектер қаралады. Аталған тәжірибе облыстың аудан, қала, елді мекендерінде де қолданылмақ. Ауыл келбетін жақсарту бағытындағы ұсыныстарды меншік иелеріне ұсыну қарастырылуда. Бірыңғай үлгі өңірдегі тұрғын үйлердің шатырына, жол желісіне, жарықтандыруға, жарнамаларға, шағын сәулет нысандарына да қолданылмақ. Қала мен елді мекендердің келбетін жақсарту кезең-кезеңімен іске асады. Өңірдің бірыңғай стилі қалыптасады. Құрылыс қағидаттарын сақтауға баса назар аударылады.