Инвестжобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды

News
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Штаб отырысында инвестициялық жобалардың іске асырылуы бойынша ағымдағы жағдайы таныстырылды. Мәселен, Ордабасы ауданында «Standard Petroleum & Co» ЖШС-нің мұнай өңдеу зауытының құрылыс жұмыстары және алдағы атқарылатын жұмыстар туралы «Саутс ойл» компаниясының вице-президенті Абзал Меңлібеков баяндады. Аталған жобаның І-кезеңі келесі жылы жүзеге асады, мұнда 300 жұмыс орны ашылады. Сонымен бірге Түлкібастағы каустикалық сода зауытының құрылыс барысы туралы да мәлімет берілді. 2025 жылы ашылатын өндіріс орнында 1000 адам жұмыспен қамтылмақ. Ал, Келес ауданындағы 51 гектар жылыжай кешенінің жобасын «ECOCULTURE-EURASIA» ЖШС жүзеге асыруда. Жобаның І-кезеңіндегі жылыжай кешен құрылыс жұмыстары жөнінде және алдағы уақытта атқарылатын жұмыс барысы туралы баяндалды. Облыс әкімі инвесторға жұмыстың кешеуілдеп жатқаны жөнінде сын-ескертпе айтып, жұмысты ширатуды тапсырды. Мәжілісте Сауран ауданында кептірілген жемістерді, жаңа піскен жемістер мен көкөністерді өңдеу зауытын салу бойынша «Талифа» ЖШС өкілінің пікірі тыңдалды. Сайрам ауданындағы «Nurym Group» ЖШС-нің құрама жем зауыты жобасының жүзеге асуы үшін жергілікті бюджеттен сыртқы инфрақұрылымды жүргізуге 551 млн. теңге бөлінген. Облыстық мемлекеттік сатып алулар басқармасы тарапынан сыртқы инфрақұрылым жүргізу бойынша мердігер компанияны анықтау үшін конкурс жарияланған. Сондай-ақ, мал сою комбинаты және жануарлардың қалдықтардын терең өңдеу зауытының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша, сондай-ақ, мал сою, қалдықтарды қайта өңдеу және мал сою пункттері үшін 140 гектар жер учаскесі анықталып, 60 гектар жер учаскесі сатып алынған. Қазір тиісті жұмыстар жүруде. Сонымен қатар «Nurym Group» ЖШС-нің замануи мал базары жобасының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде және жобаға қажетті 38.3 гектар жер учаскесі сатып алынып, құжаттарын рәсімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек, Арыс қаласында «Turkestan agro.kz» ЖШС-нің 1380 гектар жерге жаңбырлатып суару жүйесі енгізіледі. Аталған жобалар бойынша компанияның негізін қалаушы Сырым Ертаев баяндады. – Жауапты басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері әрбір инвестор мен кәсіпкерге қолдау көрсетіп, сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуді жалғастырсын. Инвесторлар мен кәсіпкерлер де жобаны уақтылы жүзеге асыруға күш салулары тиіс. Өндіріс орындарын, жаңа зауыттар мен цехтар ашу – басым бағытымыз, – деген Дархан Амангелдіұлы осы салаға қатысты басшыларға тапсырмалар берді. Инвестициялық штаб отырысында өзге де инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды. Кестеден кешігіп жатқан кәсіпкерлерге жұмысты ширату тапсырылды.