Өнеркәсіп саласындағы өнім көлемін 1 трлн. 120 млрд. теңгеге жеткізу

News
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
2023 жылы өнеркәсіп саласындағы көрсеткіш 1 трлн. теңгеге жетсе, өңдеу өнеркәсібінде 437,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Ал, биыл өнеркәсіп саласындағы өнім көлемін 1 трлн. 120 млрд. теңгеге және өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемін 510,0 млрд. теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сәйкесінше, алғашқы алты айда 551,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіші 253,1 млрд. теңгені құрады. Осы орайда былтыр өңдеу өнеркәсібі саласында жалпы құны 30,2 млрд. теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба іске қосылып, 600-ге жуық жұмыс орны ашылғанын айта кету керек. Ал, биыл жалпы құны 22,0 млрд. теңгені құрайтын 13 жобаны жүзеге асыру жоспарланса, 6 айда оның жетеуі іске қосылып, 250-ге тарта жаңа жұмыс орны ашылды. Бүгінгі таңда өңірде 206 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысаны жұмыс істеп тұр. Бұл көрсеткіш бойынша облыс Алматы және Астана қалаларынан кейін республикада 3-орынға жайғасқан. Сәйкесінше, былтыр кәсіпорындарда өндірілген өнім көлемі 1,9 трлн. теңгеге жетіп, 24 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды. Қазіргі уақытта 290 мыңға жуық түркістандық бизнес саласында жұмыс істеп жатыр. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада үшінші сатыға тұрақтады. Сонымен қатар, бизнес өкілдеріне «Бизнестің жол картасы–2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары арқылы несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау, кепілдік беру және гранттар ұсыну бойынша қолдаулар көрсетіліп келеді. Мәселен, бір ғана несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін бюджеттен 15,1 млрд. теңге қаралса, оның 13 млрд. теңгесі республикалық бюджет есебінен бөлінді. Одан бөлек, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ филиалы, II деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдарымен бірлесіп, жыл басынан бері несиелендіруді қажет ететін жобалардың пулы жасақталып, 6 айда 443 жобаға 47,1 млрд. теңге қаралды. Алдағы уақытта несиелендіруді қажет ететін жобалардың санын көбейтіп, сүйемелдеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл тұрғыда бағдарламалар аясында бағыт беру, кәсіпкерлікпен айналысу, қаржылай қолдау бағдарламаларын пайдалану және бизнес жоспар әзірлеуге көмектесу бағытында басқармаға қарасты «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» жұмыс істеуде. Орталық кәсіпкерлерге және кәсіпкерлікке келуге ниетті жандарға тегін қызмет көрсетеді. Оның барлық аудан және қала орталықтарында филиалдары ашылған. Өңірдегі кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсету 3 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Соның ішінде ірі жобаларға қолдау көрсету «Бәйтерек» холдингіне қарасты қаржы институттары арқылы жүргізіледі. Қазіргі уақытта «Бәйтерек» холдингінде құны 600,7 млрд. теңгені құрайтын 12 инвестициялық жоба басшыларының өтініштері қаралуда.