«Бақытты бала» атты онлайн байқауының қорытындысы шықты

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

«Бақытты бала» атты онлайн байқауының қорытындысы шықты

Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында балалар мен жасөспірімдер арасында«Бақытты бала» атты онлайн байқауы Шымкент қалалық білім басқармасы ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қалалық бейнелеу өнері және қолөнері бойынша ағымдағы жылдың мамыр айында өтті. Байқаудың мақсаты:
Дарынды жастардың өнерін дәріптеу, жас таланттардың өнерін қолдау, шығармашылығын насихаттау, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Байқауға сурет салуға, қол өнеріне қабілеттері 6-17 жас аралығындағы жалпы орта білім беру мекемелерінің оқушылары мен жасөспірімдері қатысты. Бейнелеу өнері және қолөнер жанрлары бойынша байқауға жалпы 590 жұмыс келіп түсті. Әділ қазылар әр жұмысты жеке қарап, сараптап, жеңімпаздарды анықтады. Қолөнер жанры кіші топ жас ерекшелігі бойынша: 1-орын №30 мектеп, 2-орын №5 мектеп, 3-орын №23 мектеп. Қолөнер жанры орта топ жас ерекшелігі бойынша 1-орын №66 мектеп, 2-орын №15 мектеп, 3-орын №129 мектеп, Номинация №9,№41, №86, №87 мектептер. Жасөспірімдер арасында олардың талантын ұштап, дарынын ашатын осындай байқауларды жиірек ұйымдастыру керек дейді ұстаздар.  Сонда олар жаманнан жиреніп, жақсыдан үйреніп, нағыз азамат болып қалыптасады.