"Ең әдемі киім – Ұлтыңның киімі"

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

"Ең әдемі киім – Ұлтыңның киімі"

 

Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы "Көрме орталығы" МКҚК-ның ұйымдастыруымен "Ең әдемі киім – Ұлтыңның киімі" онлайн көрмесін ұйымдастырды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуде ұдайы көш бастайтын басқарма бұл жолы керемет тақырыпты таңдап алыпты. Жаһандану заманында ұлт ретінде жойылып кетпеудің амалы тілің, ділің мен ұлттық ұстанымың екендігі көп айтылып жүргені белгілі. Ұлттық құндылықтың тағы бір тармағы отбасылылық құндылық. Яғни, отбасы мықты болса, демек мемлекет те мықты. Ұлттық киімді дәріптей отырып, ұлтты ұлықтауды мақсат тұтқан мамандар көрмені керемет ұйымдастырған. Ұлттық дүниелерді дәріптейтін мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.