Отбасының ұйытқысы

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Отбасының ұйытқысы

 

Атақты педагог- ғалым В.А.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық- бұл адамтану, адамның күрделі де,қызықты,шым -шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу.Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» деп ұстаздық өнерге ерекше баға берген.Осынау бағаны ұлы педагог еліне еңбегімен сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болған абзал жандарға арнап берген болар. Ал халқымыз: “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!” – деп тегін айтпаған ғой. Орынды айтылған жылы сөз адамның жігерін жаниды, өмірге құштарлығын арттырады, жан сарайын жаңғыртады. Міне, осындай ардақты ана, ұлағатты ұстаз Құсбек Күнжан Сабырқызы. Қазіргі таңға дейін Шымкент қаласына қарасты 75 мектеп гимназиясында жас ұрпаққа сапалы білім,саналы тәрбие беруде қажымас қайратымен,өнегелі үлгісімен, жаңашылдық жолымен,адамгершілік қасиетімен, қоғамдық жұмысымен, заманауи іскерлігімен, ұстаздық жолын көрсете отырып мектебімізде жас бүлдіршіндерге сабақ беріп келді. Мектептегі бірлестік жұмысының дамуына үлес қосушы, жаңа істердің жаршысы болып жүретін апайымыз,
тумасынан еңбексүйгіш те белсенді Құсбек Күнжан Сабырқызының шығармашылық жұмыспен қатар, мектеп өмірінде болып жататын түрлі мерекелік шараларға, өнер сайыстарына ақылшы, әділқазы ретінде жиі қатысып отырады.Жас мамандарға өзінің кесімді пікірлерімен, өмірлік бай тәжірибесімен бөлісіп отыратыны көпшілікке мәлім. Бұл апайымыздың бойындағы “ақырын жүріп, анық басатын” байсалдылығы, жусаннан аласа, бетегеден биік кішіпейілдігі, құйса толмайтын, толса аспайтын парасаттылығы, зерделілігі, еңбекқорлығы, зияткерлігі – ұлы Абай бабамыз айтқандай, тамаша бес қасиеті жайлы да көп айтуға болады.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Ел игілігі жолында атқарған еңбегі елеусіз қалған жоқ.Бірнеше облыстық,қалалық «Алғыс хаттардың» ,«Білім беру ісінің үздігі» медалінің иегері. Қазір сүйкімді екі немеренің әжесі жаны жайсаң педагог, отбасы құндылығын дәріптеп, шәкірттерін адамдыққа тәрбиелеп келген апамызды зейнеткерлікке шыққан мерейтойымен әріптестері құттықтады.