Ел мәртебесін ұлықтайтын мереке
Бүгін Шымкент қаласындағы «Көрме орталығының» ұйымдастыруымен 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері мерекесіне орай, «Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі» тақырыбында ОҚМПУ «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрсының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Алдаберген Мүсілім Нұрмағанбетұлының қатысуымен онлайн кездесу өтті. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын дейді ұйымдастырушылар. Ел мәртебесін биіктететін осындай ұлық мереке қала ғана емес, еліміз бойынша тойлануда. Ел ертеңі жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде мұндай мерекелердің алар орны ерекше. Мектеп оқушылары н бала жасынан жақсыны үйреніп, жаманнан жиренетіндей, құқықбұзушылықтардан аулақ болуы үшін мәртебесі биік мерекелерде ғана емес, ұдайы патриоттық рухты оятатындай іс шараларды жиі өткізу қажет дейді доцент. Санасы сара, өресі биік ұрпақ тәрбиелеу үшін бүгінде ұтымды жұмыстар атқарылуда.
Ел мәртебесін ұлықтайтын мереке
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode